19.02.2025, 11:45
Оқылды: 250

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын көтергендерге жаза қатаң

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бағасын шектен тыс асырған кәсіпкерлерге жаза қатаңдады. Енді заң бұзғандарға ескерту берілмейді, оның орнына бірден айыппұл салынады. Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасына сәйкес, сауда үстемесін көтергендерге 5-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл тағайындау көзделген.

IMG20250218153326

«Казталов ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және қадағалау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2024 жылғы 23 тамыздағы аудан әкімі А.Сарқұловтың №36-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы аудан орталығында орналасқан кәсіпкерлік суъектілеріне барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.

IMG20250218155309

Жұмыс тобы аудан орталығындағы «Керуен», «Сандық», «Жансауле», «АЛИ», «Барыс» сауда орындарына аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін тексерді.
Мониторинг барысында жұмыс тобының мүшелері сауда нысандарының иелеріне 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін арттыру фактілеріне жол бермеу керектігі және сөредегі тауарлардың бағасы жазылып тұру керектігі жөнінде ескерту берді.
Аталмыш іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 193-бабының, 204-4-бабының талаптары түсіндірілді.
Былтырғы 2024 жылы ауданымыздың орталығында орналасқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін арттыру фактілеріне жол берген 6 жеке кәсіпкерге 204-4 бабы 1 тармағына сәйкес, әкімшілік жаза түріндегі ескерту берілді. Ендігі уақытта бұл әрекеттер қайталанған кәсіпкерлерге айыппұл салынатын болады.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале