Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінде асфальт төсеу жұмыстары қолға алынды.
Мердігер "ТОО Ануш құрылыс". Құны 53 млн. теңге болатын жол құрылысы мамыр айында басталып, жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жалпы көлемі 800 метрді құрайтын асфальт төсеу жұмыстары 5 айға жоспарланған.
Бірақ Сырым аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, мердігерлер жоспарланған уақыттан ерте бітіруі тиіс.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz