11.05.2020, 22:20
Оқылды: 199

Алғабастан қылыш пен жебе ұштары табылды

 Сырым ауданы Алғабас ауылының тұрғыны Талғат Жұмазов ауласында жер қазып жүріп, адамның бас сүйегін тауып алған. Лезде округ әкімі мен жергілікті учаскелік полиция инспекторына хабар берген.

C569F58F-E3AA-4D21-B91E-CFCBAD21914B

Ол жерде тек бас сүйек жатқан жоқ екен. Артынша, қылыш пен 5 жебенің ұшы шыққан. Қылышты тот басыпты, ал жебенің ұштары көгерген. Соған қарағанда, садақтың оғы мыстан соғылған болуы мүмкін. Ұштардың 4-еуінде жебенің тұқылы бар.

Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменовтың айтуынша, бас сүйек ақ матаға оралып, ауыл маңындағы зиратқа көміліпті.

2E1A27EA-FE16-4644-8835-630167A8A653

Бұл жәдігерлердің нақты қай ғасырға тиесілі екені белгісіз. Бірақ, жер астынан шыққан қарулар Сырым топырағының батырлардың мекені екенін тағы бір дәлелдейді. Датұлының даңқы мен айбаты салтанат құрған - Сырым шыққан төбе тарихи орыны Алғабас ауылынан тап бір алыс емес. Семсер мен садақ оғы Сырымның сардарларының біріне тиесілі емес пе? Әлде бұл жебелер ХХІ ғасырға сарматтар дәуірінен ұшып келді ме екен?

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале