Талдыапан ауылдық округінің жас тұрғыны Ернұр Қадырболат өзі тіркелген №249 учаскелік референдум комиссиясына барып алғаш рет саяси таңдауын жасады.
– Мен елде болып жатқан референдумға қатысып, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Елдің алға дамуы онда тұрып жатқан тұрғындардың белсенділігіне тікелей қатысты. Мен осыны ескеріп, ауылдастарыммен бірге өз таңдауымды жасаймын шештім. Еліміздің болашағы жарқын болсын дейді, - Ернұр Берікұлы.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы