23.08.2026, 9:00
Оқылды: 17

Алғашқы дауыс - азаматтық жауапкершілік

Бүгін 18 жасқа толған Қаражанов Таир алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, 422 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

image-23-08-26-09-00 (1)

Кәмелет жасына толып, алғаш рет сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру – әр жас азамат үшін есте қаларлық маңызды сәт. Бұл оның ел өміріне араласуға жасаған алғашқы қадамы, азаматтық жауапкершілігін сезінудің жарқын көрінісі.

Таир үшін бүгінгі күннің орны ерекше. Ол алғаш рет дауыс беріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлесін қосты. Жас сайлаушының бұл қадамы оның азаматтық ұстанымының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Өз таңдауын жасау арқылы жас азамат ел болашағына бейжай қарамайтынын, қоғам өміріне белсенді араласуға дайын екенін танытты.

image-23-08-26-09-00

Сайлауға қатысу әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге ел алдындағы жауапкершілігі. Әрбір берілген дауыс халықтың еркін білдіретін маңызды таңдау. Сондықтан жастардың сайлау үдерісіне белсенді қатысуы қоғамның дамуына, ел болашағын айқындауға және азаматтық сананың қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Алғаш рет дауыс беру жас азамат үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – өз пікірін білдіру, елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерге үн қосу және болашаққа деген көзқарасын таныту мүмкіндігі. Таирдің бүгінгі таңдауы оның азаматтық өміріндегі маңызды белес болып қала бермек.

Жас сайлаушының бұл қадамы қатарластарына да үлгі болып, азаматтық белсенділіктің маңызын арттыра түсері сөзсіз. Әрбір жас өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел тағдырына қатысты шешімдерге белсенді араласуы қажет.

Алғашқы таңдау – болашаққа бастар маңызды қадам!

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале