1.03.2021, 15:58
Оқылды: 22

Алғыс жауған күн

Көктем айының алғашқы күні ерекше басталды. Алғыс айту күніне орай аудандық іскер әйелдер кеңесі, облыстық кәсіпкерлік палатасының Жәнібек аудандық филиалы «Мейірімділік үлдіргі» атты акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға қуаныш сыйлады.

0EFE4F2F-3E91-4619-975E-399D99135F91

Кәсіпкерлер тарапынан азық-түлікпен толтырылған арнайы сөрелер дайындалып, тұрғындар өздеріне керегін тегін алды. Шара басында ұйымдастырушылар келушілерді мерекемен құттықтап, бауырсақ пен тәттілер ұсынды. Дәл осы акцияны Тау ауылдық іскер әйелдер кеңесі де ұйымдастырды. Аудан орталығындағы дүкендерде тегін нан таратылса, маршруттық газельдер тұрғындарды 5 бағыт бойынша тегін тасыды. Ал ұзынкөлдіктерді жергілікті таксистер аудан орталығына тегін жеткізді.

D52FFB9A-56A8-4BF2-A7CE-F7783DEC13D8

«Батыс Алға» жанар-жағармай жеке кәсіпкерлігі алғашқы 200 көлік жүргізушіге 5 литр көлемінде тегін жанармай құйды. Сондай-ақ аудан орталығындағы «Бекнұр» шаштаразының шеберлері таңнан түске дейін келушілерге тегін қызмет көрсетті.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале