6.02.2023, 9:45
Оқылды: 35

Алмалы ауылына газ қосылды

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Алмалы ауылына газ қосылды. Ауылдағы 19 үйдің 12-сі көгілдір отынның қызығын көреді. Қалғандары да көп кешікпей от жағып, күл шығару машақатынан құтылады.

 алмалы (3)

Алмалылықтарды қуанышпен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұханов былтыр ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргенін айтты. Екі жаңа мектеп ашылды, біраз ауылға жол, су құбырлары тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Биыл сондай-ақ, Янайкин ауылдық округіне қарасты Богатск пен Январцев ауылдық округіндегі Спартак ауылдарына газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасалады.

алмалы (4)

Айта кету керек, қазір ауданда газдандыру ісі 99,6 пайызды құрайды. Өткен аптада аяқталған есептік кездесулер кезінде аудан әкімі Марат Тоқжанов атап өткендей, аудандағы барлық елді мекенді көгілдір отынға қосуға мүмкіндік бар, алайда тұрғындардың өте аздығы қолбайлау болып тұр. Егер шағын ауылдарда халық саны артса, газ құбыры тартылады. Алмалыға газ тартуға аудандық бюджеттен 73 млн. теңге бөлінді.

алмалы (2)

Ауыл әкімі Ринат Ескендіровтің сөзіне қарағанда, аталмыш округ толықтай газбен қамтылды. Егіндібұлақтан 22 шақырым қашықтықта орналасқан Алмалыға газ тарту жұмысы бір жылдан астам уақыт жүргізілді. Мердігер компания жұмысты сапалы атқарды. Үйге газ тарту бір отбасыға 250 мың теңгеге түскен.

алмалы (1)

-Бүгінгі қуанышты біз көп жыл күттік. Егіндібұлаққа көгілдір отын 2005 жылдары келген екен. Содан кейін көп кешікпей бізге де келер деп ойлағанбыз. Бұл мәселені түрлі жиындарда түрлі деңгейдегі басшыларға, депутаттарға айттық. Бұйырған уақыты осы болды. Тілегіміздің қабыл болып, арманымыздың орындалғанына қуанып жатырмыз,   -деді Алмалы ауылының тұрғыны Асылбек Сақпереев.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале