12.11.2021, 15:35
Оқылды: 42

Алматыдан абыроймен оралды

Алматы қаласында 3-5 қараша аралығында жас тарихшылардың IV республикалық «Менің кіші Отаным» атты зияткерлік конкурсының республикалық кезеңі өткен болатын.

d45e1634-27fb-4c30-96c7-ce52ae24837e

Конкурстың негізгі мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптасыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Осы конкурстың облыстық кезеңін жеңіп алған Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9"ә" сынып оқушысы Әли Бақтығалиев пен Ақтау негізгі жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Радик Сахбутдинов  қатысты. Республикалық кезең қорытындысы бойынша «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымы бойынша Ә.Бақтығалиев І-ші, «Менің кіші Отанымның символы» аталымы бойынша Р.Сахбутдинов те І-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз оқушыларды дайындаған ұстаздары Хадиша Сейілханқызы мен Шамшырақ Құттыбайқызы да алғыс хаттармен марапатталды.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале