10.01.2024, 15:33
Оқылды: 17

Алмаз жігіттерінің ауызбірлігі

Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылы мектебінің "УАЗ" машинасы ескірсе де әлі күнге дейін аудан орталығы мен ауыл арасын қосып жүр. Оқушы, мұғалімдерді Шыңғырлау басында өтетін түрлі жарыс, шараларға уақытында жетуіне сол көлік қызмет етеді. Ауыл тұрғындары да қажет кезінде сол машинаға мініп, діттеген жеріне жетіп алады.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 15.11.37

Бірақ ол көлікпен қысты күні жүру қиынға соғады. Өйткені УАЗ-дың салоны суып кетеді. Ауыл ұстаздары мен оқушыларының суық көлікпен жүргенін естіген алмаздық жігіттер асар жасап, көлікке автономды жылыту құрылғысын алуға атсалысқан. Бірнеше сағат ішінде 70 мың теңгеге жуық ақша жинаған ауыл азаматтары әп сәтте мектеп көлігін жылыту құрылғысымен қамтыған.

—Мектеп көлігінің жағдайын көрген азаматтар ақша жинап, қажетті құрылғы алайық деген ұсыныс айтты. "What's app" мессенжеріндегі алмаздықтар қолдап жатқанын жеткізді. Шыны керек, қажетті сомма жиналатынына күмәнмен қарадым. Бірақ сол бойда каспий қосымшама ақша түсіп жатқаны туралы хабарлама келді. Ән сағатта көлікті жылыту құрылғысына қажетті сомма жиналды. Ауыл жігіттерінің ауызбірлігі қуантады,—дейді көлік жүргізушісу Талғат Бекжанов.

Енді Талғат ағамыз артылған ақшаға көлік картеріндегі майды жібітетін құрылғы қондыруды ойластырып жүр.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале