Арқан тарту ертеден халық арасында кеңінен таралған ұлттық ойындардың бірі. Бүгін арқан тартыстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Батыс Қазақстан облысының іріктеу жарысы өтті.
Орал қаласында өткен арқан тартыстан облыстық іріктеу жарысында Казталов ауданы атынан шыққан «Алпамыс» командасы (Бостандық ауылы) жүлделі орынға ие болды.
Жарысқа жалпы жеті команда қатысты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде Бөрлі ауданы І орын, Казталов ауданы ІІ орын, Орал қаласы ІІІ орынды иеленді.
- Қазақтың ұлттық ойындарын ерлікті, өжеттікті, батылдықты, дененің шынығуын қажет етеді. Ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында өткізіп отырған жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Жалпы командамыздың құрылғаны 8 жылға жуық уақыт болды. Аудан, ауыл көлемінде өткен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрміз. Алда талай жетістікке жетеміз деген ойдамыз. Жетекшілік еткен «Айбын» спорт клубының Бостандық ауылдық округі бойынша әдіскері Мырзабек Маратұлы мен қолдау білдірген Бостандық әкімшілік аппаратына команда атынан алғыс білдіремін, - деді команда капитаны Марат Қаныбекұлы.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz