2.03.2018, 18:13
Оқылды: 31

Алтай Көлгінов: Құрылыс қарқыны қадағаланады

 

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келіп, Жаңақала топтық су құбыры құрылысының қарқынын қадағалады.

Облыс әкімі бастаған топ, алдымен, екінші су көтеру насостық станциясының құрылысы жүріп жатқан Жуалыой елді мекенінде болып, құрылысшылармен кездесті. Әкімнің алдында аталмыш құрылыстың  бас мердігері «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің басшысы В.Крылов атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есеп берді. Ал аудан әкімі Н.Қарағойшин аудан бойынша 2018 жылы жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жобасын таныстырды.

Алтай Көлгінов одан әрі атбасын Құлшық құмына бұрды. Бұл жерде Құлшық жер асты су қорының бұрғылау жұмыстарымен танысып, құрылысшылар мен бас мердігерге жұмыстарын қарқынды әрі сапалы атқаруды қатаң тапсырды.

IMG_4406Құлшық жер асты суын тарту бүгінгі таңда Жаңақала ауданындағы ең маңызды да, ең үлкен құрылыстардың бірі. «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС 2017 жылдың  қыркүйек айында бастаған құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың аяғына дейін толық аяқтап,іске қосуды көздеп отыр. Жобаның жалпы  құны 2,522 млрд. теңгеболса, былтырғы жылы соның  550,0 млн.теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген болатын.

Мердігер В.Крыловтың айтуынша, ұзындығы 150,54 шақырым болатын су құбырының бүгінгі таңда 140 шақырымы жерге көміліп,  құбыр тарту жұмыстарының 90 пайызы бітіп тұр екен. Егер, Құлшық жер асты суы құрылысы ойдағыдай аяқталар болса,  онда аудан тұрғындарының 70 пайызы  (16 814 адам)  таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл дегеніміз, көп жылдар бойы ауыз су тапшылығын  тартып келе жатырған аудан тұрғындары үшін зор қуаныш.

 Н.ҒАББАС

ЖАҢАҚАЛА ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале