16.02.2024, 12:30
Оқылды: 39

"Алтын алқа" табыс етті

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова жеті баланың анасы  Айгүл Сүлейменоваға «Алтын алқа» табыс етті.

алка

Долин ауылында тұратын бұл отбасыда жеті бала өсіп келеді. Айгүл Аманжолқызының тұңғышы Асланның жасы он бесте. Ең кішісі – Рамазан 2022 жылы дүниеге келген. Алдыңғы бес бала -  Аслан, Асылхан, Айдана, Аружан мен Аяжан ауылдағы Чапаев атындағы орта мектепте оқиды. Кішілері Мәдина мен Рамазан анасының қасында. Мәдина мектепке баруға дайындалып жүр.

- Ауылдық жер балалар үшін қолайлы. Ауладағы, үй ішіндегі шаруаларға қолғабыс етеді. Солай балаларды еңбекке баулимын. Ауызбіршілікте, тату болыңдар деп тәрбиелеймін.  Тетелес өсіп келе жатқан ұл-қыздарым бір-біріне қарайласады. Сабақ оқу, мектепке барып-келу кезінде үлкендері кішілерін қамқорлайды, -деп жанұясы жайлы әңгіме өрбітті көп балалы ана.

 35 жасында «Алтын алқа» таққан анаға ілтипатын білдірген Әлия Биғазықызы қажет болған жағдайда көмек-қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале