Жуырда Орал қаласында «Батыс қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сиқырлы әлем» республикалық өнер байқауы өтті.
Аталмыш шараға Жәнібек ауданының Ақоба ауылдық мәдениет үйінің «Шабыт» вокал үйірмесінің шәкірттері қатысып, өнерлерін паш етті.
Байқаудың қорытындысында эстрадалық вокал жанры бойынша Інжу Марат І орын, Келбет Қайрат ІІ орын, Ақниет Қайрат ІІІ орынды иемденсе, көркем сөз жанры бойынша Гүлдәурен Мұратова І орын, хореография жанрымен Аида Болат ІІ орыннан көрінді.
Жеңімпаз өнерпаздарға «Алтын қазына» республикалық өнер байқауына жолдама берілді. Сонымен қатар А.Қайрат, К.Қайрат, І.Мұратова, Г.Мұратоваға мамыр айында Ақтөбе, Орал қалаларында өтетін «Алтын қазына» республикалық байқауына, А.Болатқа Орал қаласында өтетін «AQZHAIYQ» республикалық байқауына жолдамалар бұйырды.
Байқауда «Шабыт» вокал үйірмесінің жетекшісі Ләззат Бисекова алғыс хатпен марапатталды.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz