6.09.2018, 18:25
Оқылды: 64

Алтын құрсақты анаға құрмет көрсетті

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 100-дің үстінде көп балалы, алтын құрсақты аналар ғұмыр кешуде. Солардың бірі жеті бала тәрбиелеген Құралай Тоқпанова.

IMG_9632

         Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин отбасы күні мерекесі қарсаңында «Алтын алқа» иегері Құралай Тоқпанованы қабылдап, марапатын табыс етті.

         Ауыл әкімі аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, ауылдың дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді.

         -Ана деген ұлы, ардақты есім. Олар тек қана балаға емес бүкіл әлемге нұрын шашып жүрген жандар. Сізге денсаулық, отбасыңызға береке тілеймін,- деді Самиғолла Сафиоллаұлы. Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы Жалпақтал бастауыш партия ұйымының кеңесшісі Ләззат Абуханова алтынан алқа таққан, жеті баланының анасына құттықтау лебізін білдірді.

         Бала-шағасының ортасында бал-бұл жанып жүрген Құралай Тоқпанова өзінің лебізін білдіріп, Елбасына, ел басқарып жүрген басшыларға, ауылдастарына алғысын жаудырды.

         Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале