8.06.2022, 16:14
Оқылды: 66

«Алтын ұяда» өткен облыстық семинар

Жәнібек ауданы орталығындағы «Алтын ұя» бөбекжайында «Бөбекжайдағы туризм» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оған облыстық мектепке дейінгі ұйым директорлары, әдіскерлер және тәрбиешілер қатысты.

шұғыла

Мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға туризм және оның түрлері мен бағыттары туралы білім беру, балалар денсаулығын сауықтыру, жүрек-қан тамыр жүйелері жұмысын дамыту, дем алу жүйесін қарқындату, нервтік-бұлшық ет тонусын арттыру, аяқ, қол бұлшық еттерін нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Бірінші күні бөбекжай әкімшілігі семинарға қатысушыларды ауылдың кіреберісінен күтіп алып, қонақжайлылықтарын көрсетті. Сонан соң олар бөбекжай базасында ұйымдастырылған «Еуропа-Азия – 2022» туристік фестиваліне қатысып, «Туристік алау» туристік іс-шараларды тамашалады.

Семинардың екінші күні сазды сәлемдемеден басталып, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина келген меймандарға "қош келдіңіз" айтып, семинардың сәтті өтуіне тілектестерін білдірді.

шұғыла 2

Әрмен қарай семинардың бағдарламасы бойынша «Циркке саяхат», «Ойын-сауық орталығы», «Орманға саяхат», «Ғарыш әлемі», «Мұхит асты әлемі» атты топ тәрбиешілері ұйымдастырған оқу қызметтерімен жалғасты. Сонан соң бөбекжай әдіскерлері мен дене шынықтыру нұсқаушысы «Бөбекжайдағы туризм» эксперимент алаңы жоспарымен таныстырды. «Туристік бағдарлау» мен «Орф-педагогика және туризм түрлері» атты шеберлік сыныптары болды. «Туристік алау» және «Қауіпті және қауіпсіз жәндіктер» тақырынба серуендеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушылар туризм және оның түрлері мен бағыттарын біліп, «Туризм» және «жорық» ұғымдарын игерді. Негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына және техникасын үйренді. Дене жаттығулары мен  негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындап, сауықтыру шараларына қызығушылық танытты.

Шарада өзара пікір алмасылып, ұсыныстар айтылып, алғыс хаттар табыстаумен өз мәресіне жетті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале