29.05.2024, 21:30
Оқылды: 71

Алтынбек Бексеитов: «Жаңа технологияға құштармыз»

- Алтынбек Климұлы, биыл көктем кеш шықты. Оның үстіне көктемгі су тасқыны да біраз зиянын тигізген болар. Осы орайда көктемгі далалық жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын білгіміз келеді?

InShot_20240530_000853802

- Биылғы көктемнің ешкімге, әсіресе шаруашылық адамдарына оңай соқпағаны белгілі. Табиғи сипаттағы төтенша жағдайға байланысты жоспарлы жұмыстарымыз сәл кешігіңкіреп басталғанымен, қазір ойдағыдай жұмыс атқарылуда. Былтырғы еккен күздік егін су астында қалғанын білесіздер. Табиғи апат, яғни су тасқынынан шаруашылықтар осындай шығынға ұшырады. Ал енді 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына – 48 дәнді және майлы дақылдар және 4 көкөніс – картоп, бақша егетін шаруашылықтар қатысады деп күтілуде. Негізінен, ауданымызда ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын егістік жер көлемі 149,77 мың га құрайды. Соның ішінде аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы көлемі барлығы – 67,61 мың га., жерде егіс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Нақтылап айтқанда, күздік дақылдар алқабы 2,28 мың га., жаздық дәнді дақылдар - 16,71 мың га. Ауданымыз ауыл шаруашылығы бағытында болғандықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейту, әсіресе басты бағыт егін шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында біраз жұмыс атқарылды. Соның арқасында соңғы 3 жылда егіс көлемі 62 мын гектардан 67 мың гектарға дейін жетті. Бұл ауыл шаруашылығы жұмыстарының алға басып келе жатқанын көрсетеді. Және егім көлемін ұлғайту жұмыстары жалғаса беретін болады.

- Көктемгі егіс егу науқаны кезінде шаруаның ең қиналатын тұсы тұқымдық пен жанар-жағар май екені есте еді?

- 2024 жылдың көктемгі егіс науқанына аудан бойынша 49 ауылшаруашылық құрылымдары 2769 тонна, оның ішінде 2105 тонна дәнді дақылдар, 194 тонна майлы дақылдар, 82 тонна мал азықтық, 388 тонна картоп тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Алдын ала ойластырылып, жоспарлап, жыл сайын осындай жақсы мүмкіндік берілетінін айта кетейін. Ал арзандатылған жанар-жағар маймен қамту бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Барлық ауыл шаруашылық дақылдардың көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған - 591 тонна жанар-жағар май 34 ауыл шаруашылық құрылымына бөлініп отыр. Дәлірек айтқанда, бағасы 239 теңгеден босатылып жатыр. Оператор болып «Нефтек» ЖШС анықталды. Әзірге, мамыр айына дизель отынының бір литрі құны – 239 теңге белгісінде қалды. Бүгінгі таңда аудан шаруашылықтары – 89,6 тонна дизель отынын алып үлгерді.

- Орайы келіп тұрғанда ылғал жабу жұмыстары туралы да сұрай кетсем?

- Аудан бойынша бүгінге күнге ылғал жабу жұмыстары аяқталды, барлығы 32 100 га. құрады. Бүгінгі таңда барлығы 18650 га. егін егілді. Нақтылай кетсем, арпа – 5842 га., жаздық бидай 5291 га., сұлы 91 га., дәнді құмай – 50 га., тары- 45 га., мақсары – 2155 га., күнбағыс – 300 га., судан шөбі – 1381 га., еркекшөп – 3382 га., картоп – 70 га., көкөніс – 35 га.. бақша -8 га.

- Ерте кездегідей егісті егіп алып аспаннан жаңбыр күтіп отырмайтынымыз белгілі ғой. Егісті болсын, көкөніс болсын, еккеннен кейін жақсы өнім алу керек. Ол үшін тыңайтқыштар пайдаланылады. Оларды сатып алу жағы қалай?

- Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен егістен межелі өнім алу мақсатында тыңайтқыштар пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда Жарсуат ауылдық округіне қарасты «Жарсуат» ЖШС 111 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды. 2023 жылы аталмыш шаруашылық 70 тонна минералды тыңайтқыш сатып алып пайдаланған болатын. Бұл үрдісті алдағы уақытта басқа да шаруашылықтар қолдайды деп сенемін.

- Қазіргі заманда қай-қай жұмыстың да техникасыз бітпейтіні белгілі ғой. Далалық жұмыстарға қанша техника қатысуда? Техника саласы күн өткен сайын жаңарып жатыр. Жаңа, өз саласында озық техникалар сатып алуға мүмкіндіктеріңіз бар ма?

- Ауданда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін барлығы- 234 бірлік техника бар. Оның 80-і трактор, ал 154-і техникалық құрылғылар. Сонымен қатар көктемгі егісте 3 Yulin Irrigation» маркалы ирригациялық машинасы қолданылады. Жаңа техникаларға келсек, аудан шаруашылықтары бойынша 469 млн. теңгеге 40 жаңа техника сатып алынды. 2024 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 6 дана шетелдің озық үлгідегі заманауи техникасын сатып алдық. Далалық жұмыстарды жеңілдететін жаңа, арнаулы техикаларға өзіміз де құштармыз. Алда бұл бағытта біраз жоспарларымыз бар. Мүмкіндіктері жететін шаруашылықтарға біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетудеміз.

- Дәл қазір өнімді жұмыс жасап жатқан шаруашылықтарды атап бересіз бе?

- Бүгінгі күнге аудан бойынша көктемгі далалық жұмыстарды алғашқылардың бірі боп аяқтаған Приураль ауылдық округіне қарасты «Ураль» ЖШС –і. Сағынғали Алмашев жетекшілік ететін бұл шаруашылық 145 0гектар дәнді дақыл, 630 гектар майлы дақыл егіп үлгерді. Сол сияқты Ақсу ауылдық округіне қарасты Щербаков Валерий Ильич жетекшілік ететін «Щербаков» ШҚ 780 гектар жерге дәнді дақылдар екті. Пугачев ауылдық округінде орналасқан «Агровик» ЖШС-гі де осы қатардан көрінді. ЖШС басшысы Колесников Виктор Борисович басқаратын шаруашылық 1021 гектар жерге дәнді дақыл, 45 гектар жерге майлы дақыл егіп болды.

- Биыл өнім қалай болар екен?

- Әртүрлі айтып жатыр ғой. Жақсы болады деп ойлайық. Бастысы, шаруалардың еңбегі зая кетпес үшін бар күшті жұмылдыратын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет.

Сұқбатты жүргізген Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале