15.06.2023, 21:22
Оқылды: 27

"AMANAT" ауылдың аманатын тыңдады

«AMANAT» партиясы БҚОФ-ның атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев бастаған жұмыс тобы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылына арнайы келді.
Бірінші кезекте бұл жұмыс тобы сапарларын Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебінен бастап аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллинмен кездесті.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.06.36
Өз кезегінде білім беру бөлімінің басшысы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырып өтті.
-Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Мердігер жөндеудің қалған жұмыстарын тамызда бітіремін дейді. Бірақ айтылған уақытта аталмыш жұмыстар өз мәресіне жетеді деген сөздерге күмәнім бар. Иә, қазіргі таңда уақ жұмыстары қалса да уақыт талап ететіні анық, - деді Бисенбек Насимоллин.
Ал мәдениет үйінде және Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы кешенінде жүріп жатырған жөндеу және құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатырғаны туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.06
Жұмыс сапары «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысымен жалғасты.
Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың төрағалығымен өткен отырысқа Азамат Сафималиевпен бірге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, Орда ауылдық округі әкімі, бастауыш партия мүшелері, мүдделі мекеме, ұйым өкілдері қатысты. Отырыс күн тәртібінде Бөкей ордасы ауданында жер заңнамасы талаптарын сақтау бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ «Жер аманаты» жобасы шеңберінде алда тұрған міндеттер талқыланды.
Аталмыш мәселе бойынша аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Руслан Карин өз баяндамасымен таныстырған болатын.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.07
- Ауданымыздың жалпы көлемі 1921 445 гектарды құраса, оның ішінде жайылымдық жер көлемі 875701 гектар, суармалы жерлер 610 744 гектарды құрайды. Санаттар бойынша тоқтала кетсек, жалпы көлемнің 943 608 гектар жері Ресей Федерациясының №1560 әскери бөлімі полигон есебінде жалдау жағдайында пайдалануға берілген. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 582 234 га, елді мекен жерлері 142 686 га және өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш кызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер көлемі 3174 га құрап отыр. Енді, Бөкейорда резерватының аумағы 76 102 га болса, қордағы жер көлемі 233 339 га құрайды.
Жерді қайтару жұмыстары және жерді пайдалану мониторингі мәселесіне тоқтала кетсек, өткен 2019-2021 жылдары аудан бойынша 12 740 гектар учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.08 (1)
Ал 2022 жылы пайдаланбай жатқан немесе ҚР заңнамаларын бұза пайдаланып отырған ауыл шаруашылығы максатындағы 17 096 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып мемлекеттік тіркеуден шығарылған болатын. Аталған жер учаскелері бойынша ҚР жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын ұсыну бойынша конкурс жарияланды. Ағымдағы жылда аталмыш конкурс арқылы 5570 гектар жер берілді. Ал қалған 11 526 гектар жер учаскесі Бөкейорда резерватына қайтарылды.
Ағымдағы жылдың І тоқсанындағы көрсеткішіне сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 400 гектар жер учаскесі мемлекет есебіне қайтарылды десек болады, - деді Руслан Карин.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.08 (2)
Жиын мобильді қоғамдық қабылдауда өз жалғасын тапты. Аталмыш қабылдау «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова және аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың қатысуымен өтті.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары мен белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары ауданның мәселесімен жүгінді.
Мысалыға, аудан тұрғыны Сайфетден Қожантаев ағамыз Сейтәліге елді мекен статусын беріп, су және газ өткізу мәселесімен жүгінсе, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Жаңақала ауылында орналасқан сауықтыру орталығына әскери сынақ полигонынан зардап шеккендерге тегін емделу мүмкіндігін қайтару мәселесін қозғады.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.10
Сонымен қатар, қабылдау барысында «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» жобалары талқыға салынды. Хан орда ауылының кіреберіс 21 шақырым жолға тас жолын төсеу мәселесімен сол ауылға балалар сауықтыру кешенін салу туралы ұсыныстар жеткізілген болатын.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.11 (1)
Бұл мәселелер бойынша сауалдарымен жүгінген азаматтар кей сұрақтарына сол жерден жауап алса, күрделі мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев тиісті жиындардың күн тәртібіне енгізілетінін жеткізді.

WhatsApp Image 2023-06-15 at 19.07.12

 

Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале