Казталов ауданында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының актив отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық партия филиалының бөлім басшылары, аудандық мекеме басшылары, депутаттар қатысты.
Күн тәртібінде көтерілген «AMANAT» партиясының Казталов ауданы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы:
— «АМАNАТ» еліміздің жетекші саяси партиясы. Бүгінде партия нақты істерімен, құрылымдық бөлімшелері мен әрбір партия мүшесінің үйлесімді жұмысымен өзгелерге үлгі болып отыр. Сонымен қатар, еліміздегі бірқатар заңдардың қабылдануына да партияның ықпалы зор болғанын атап өткен жөн. «АМАNАТ» партиясының Казталов ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 4 басым бағыты бойынша биылғы жылы 41 іс-шараны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде 22 іс-шара (53,6 пайыз) - орындалды. Жыл соңына дейін 13 іс-шара орындалуы күтілуде (31,7 пайыз), 6 іс-шараның орындалмау тәуекелі бар (14,6 пайыз). Аудан бойынша білім беру үрдісі үш ауысымда оқитын мектеп жоқ, 7 мектептің ғимараты «апатты» және «апат алды жағдайда» деп танылып отыр. Сондай-ақ, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің жатақханасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Денсаулық сақтау саласында ауданымыз бойынша тұрғындарға 43 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішіне 2 аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, 27 медициналық пункт кіреді. Қазіргі уақытта 19 медициналық ұйым жаңадан құрылысты қажет етсе, 4 медициналық ұйымға күрделі жөндеу қажет, - деп баяндады.
Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Аткешов аудандық партия филиалының 2024 жылы атқарылған партиялық жұмыстарының есебінде:
– Еліміздегі ең ірі саяси күш саналатын «AMANAT» партиясы да жыл бойы қоғам мен мемлекет игілігі үшін көптеген жұмыстарды жүзеге асырғанын барша қазақстандықтар хабардар. Есепті кезеңде Казталов аудандық партия филиалы да бірқатар істерді жүзеге асырды. Депутаттық фракцияның жоспарға сәйкес өз отырыстары өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы депутаттық фракцияда «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы, көктемгі су тасқынының алдын-алу, аудан бойынша сумен, газбен, жылумен жабдықтау мәселелері, салық түсімдері, бюджет кодексінің жаңа жобалары, әскери-патриоттық тәрбиелеу Заң жобалары, талқыланып жатырған Заңдарға ұсыныстар беру және биылғы жылғы Президент Жолдауын талқылау секілді мәселелер күн тәртібіне шығарылды. Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі ретінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия филиалы үлкендерімізге арқашан құрмет көрсетіп, назардан тыс қалдырмай келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. 3 қазан күні Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында партия депутаттарының қолдауымен Бостандық, Әжібай, Казталов ауылдарынының осы санаттағы тұрғындарымен мекен жайында кездесулер өткізіліп, сауда үйлерінен сертификаттар берілген болатын. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жыл бойы жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырды. Қайырымдылық айлығы аясында партия филиалы аудандық ардагерлер ұйымы, аудан жастарымен бірге ауыл үлкендерінің қал-жағдайларын біліп, кездесулер өткізілді. «Жер аманаты» жобасы бойынша биыл ауданымыз бойынша 5500 гектар мақсатсыз пайдаланылып отырған жерді қайтару жоспарланған болса, бүгінгі күнге 9724 га жер қайтарылып, жоспар 176,2 пайызға орындалды. Биылғы жылғы көктемгі су тасқыны қаупі басталған сәттен бастап жұдырықтай жұмылған партияластар тасқынның алдын алу шараларына да белсенді араласып, 50 адам Орал қаласына көмекке барды. Атом электр станциясын салу жөнінде республикалық референдумды қолдау бойынша аудандық штаб құрылып, жасақталған желілік кесте аясында 79 түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылды. Жыл басынан қоғамдық қабылдау бөлмесіне 145 өтініш түсіп, оның 64 – і оң шешімін тапты. Қалған өтініштерге заң аясында түсінік берілді. Сайлауалды науқан барысында сайлаушылардан 25 аманат түсті. Қазіргі таңда олардың барлығыда орындалды. Партиялық бақылау комиссияның жылдық жұмыс жоспарына сай аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысан салу, тұрғын-үй құрылысы, жол салу, жөндеу, жолдарды күтіп ұстау бойынша комиссия мүшелері рейдтік шараларды үнемі жүргізіп отырады, - деді.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы м.а. Ержалғас Ищанов «Ауыл аманаты» жобасының ауданда іске асырылуы туралы баяндамасына тоқталсақ:
– 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына Казталов ауданының 16 ауылдық округі толықтай қатысып, 705,2 млн теңгеге 115 өтініш жолданған. 105 несие алушы – несиесін алып, жалпы соммасы 655,5 млн теңге мақсаттары бойынша жұмыстарын атқарып келеді. Солардың ішінде 62 жобасы cүтті бағыттағы ірі қара малын сатып алу. Жалпы соммасы 373,7 млн теңге (1 жоба – сүтті бағыттағы 13 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу). 10 жобасы етті бағыттағы ірі қара малын сатып алу. Жалпы соммасы 66,4 млн теңгені құраған. 31 жобасы ұсақ қара малын сатып алу. Жалпы соммасы 179,3 млн теңге (2 жоба – асыл тұқымды 159 бас ұсақ қара малдарын сатып алу). 1 жоба ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құрып, мал шаруашылығы дамытуға 27,6 млн теңге (Казталов) алған. Ал 1 жоба кәсібін дамыту бағытында темір бұйымдарына құрылғы алуға 8,6 млн теңге (Жалпақтал) қаражатқа қол жеткізген. Күні бүгінге несие алғандардың ішінде, 105 несие алушы алған қаражаттарын 655,5 млн теңгені толық игеріп отыр. Берілген қаражатқа сүтті 646 бас ірі қара, етті 157 бас ірі қара, 3 131 бас ұсақ қара малы сатып алынған. 2024 жылы Казталов ауданы бойынша күні бүгінге 33 өтінім тапсырылып, сомасы 233 млн 615,0 мың теңгені құраған. Соның ішінде, қаралу үстінде 1 өтінім. Жалпы құны 9 млн. 200,0 мың теңге. Қаражаты төленгені 6 өтінімге 36 млн 700,0 мың теңге төленген. Ал заңды өзгертілулерде тұрғаны 23 өтінім бойынша 165 млн 515 мың теңге. Қаражаты төленген төрт өтінімнің бағыттары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Олар, шағын жиһаз цехын дамыту, қаңылтыр жабындарын дайындау шағын цехын ашу, сұлулық салонына құралдар алу, бау-бақша өнімдерін егу жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және 11 бас асыл тұқымды сүтті ірі қара малын сатып алуға бағытталған.
«Қарызсыз қоғам» жобасының ауданда жүзеге туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Айнұр Мусинаның хабарламасы тыңдалды. «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы Казталов ауданында оқуды ұйымдастыру шаралары жоспарға сәйкес толықтай жүзеге асырылған. Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын іске асыру жол картасы бойынша жұмыстар атқарылып, 420 адам жоспар бойынша оқытылу керек болса, күні бүгінге 425 адам оқытылған. Қайыңды, Көктерек, Болашақ, Казталов, Жалпақтал, Бірік ауылдық округтеріне «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының қаржы сарапшылары сабақ ұйымдастырылған. Жалпы жобаға халықты кеңінен тарту мақсатында 2 тапсырма болды. Ауылдық округ әкімдерін оқыту және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үгіт-нәсихат жұмысын күшейту.
Күні бүгінге «Қарызсыз қоғам» тақырыбында Казталов, Жалпақтал ауылдарына баннерлер орналастырылған. Жоба әрі қарай жалғасын таппақ.
Жиын соңында «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев атынан партиялык жобаларды жүзеге асыруда белсенді қызмет еткен партия мүшелері Гүлнұр Ажғалиева, Нұргұл Жалиева, Беккали Мусин, Жасұлан Нұрахунов, Самал Сармалаева, Нұргүл Адилова алғысхатпен марапатталды.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы