7.09.2023, 11:00
Оқылды: 20

«AMANAT» партиясының хатшысы тасқалалықтармен кездесті

«AMANAT» партиясының хатшысы, партия саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиевтің Батыс Қазақстан өңіріне сапары Тасқала ауданында жалғасты. Ол аудан активімен және тұрғындармен кездесті.

CB446B0C-7D00-4296-9DFA-7AC994CF8B8C

Жергілікті тұрғындармен еркін форматтағы әңгімелесу ретінде өткен кездесуде ауданның жалпы тыныс-тіршілігі, шекара маңындағы ауылдарды дамыту, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін кеңейтумен қоса, инфрақұрылымын және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау секілді мәселелер көтерілді.

Тұрғындар қойған сұрақтарға нақты жауап берген Эльдар Тынышбайұлы партия тарапынан жасалып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» секілді жобалар жөнінде толығырақ тоқталып, ақпараттық тұрғыдан түсініктеме берді.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале