10.11.2020, 20:36
Оқылды: 78

Амангелді ауылына демеушілер жарықшамдар орнатты

Кешкілік қараңғы түсе жарықшамдар ауылға сән беріп тұрады екен. Алыстан жап-жарық болып, менмұндалап тұратын шамдардың орны ерекше. Кіреберіске орнатылған шамдар Амангелді ауылына еріксіз ертіп апарады.

C677ED83-71FC-4544-90D8-D21CBFE0D9DF

– Жарықшамдарды орнату осыдан бірекі жыл бұрын жоспарланған еді. Әуелі қаражат мәселесін шешу және оны орнату басты назарда болды. Биыл сол жоспарды орындаудың сәті түсті. Бақытжан Мәжитов басқаратын Шежін желілік компрессорлық станциясының ұжымы демеушілік жасауының арқасында Амангелді ауылына кіреберіс жолға 20 бағана мен 20 жарықшам орнатылды. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп тұрғандай алыстан жарқырап ауылымыздың сәнін кіргізіп тұр. Осы шаруаға амангелділік шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлеріміздің де үлесі зор. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда аталған демеушілердің бірігуінің арқасында біткен шаруа еді. Алдағы жылы ауылымыздың орталық көшесіне жарықшамдар орнатып, саябағымызды одан сайын көркейткіміз келеді. Ауылға кіреберіс жолдың екі жағына алдағы көктемде көшеттер отырғызамыз, – дейді Амангелді ауылдық округ әкімі Саягүл Галиева.

Ауыл әкімінің жақсы жаңалығын тек бізбен ғана бөліскенін аз көріп, газет беттеріне жариялауды жөн көрдік. Ондағы ойымыз Амангелді ауылындағы жақсылықтар өзге де округтерде жалғасын тапса деген ниетіміз еді. Атар таң мен батар күннің арасындағы уақытта жағымды жаңалықтарымыз көп болғай... 

Темірболат Әнуарұлы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале