29.09.2020, 11:47
Оқылды: 42

Амангелді ауылында әр аулаға техникалық су тартылған

Ауыл – адам баласының кең дүниеге есігін ашып, өмірге келген, кіндік қаны тамған, кіндік бауы қалған жері. Ауылды барлық халықтың анасы мен тіршіліктің нәрі десек, еш қателеспеспіз. Жақында жұмыс сапарымен аудан орталығынан отыз бес шақырымдай жерде орналасқан Амангелді ауылдық округіне ат басын тіредік. Атқарылған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстар жөнінде және ауылдың қазіргі тірлігімен округ әкімі Саягүл Мәулетқызы таныстырды.

40147DFB-AF71-43BE-8472-1903F1BE957F

Ауылға кіреберіске жиырма жарықшам орнатылып жатқанын бірден байқадық. Мәдениет үйі де кәдімгідей жаңарып қалыпты. Аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа орталық саябаққа 37 жарықшам орнатылған. Түнгі көрінісі тіпті керемет.

Ауыл орталығындағы стадионға техникалық су жүргізілген. Енді алдағы жазда әртүрлі жеміс ағаштары мен басқа да көшеттер отырғызылмақшы. Өзеннен әр аулаға тартылған техникалық су бау-бақшамен айналысатындар үшін өте қолайлы. Суы барып тұрған аулалар айына екі-ақ мың теңге төлейді. Күн сайын өзінің уақыты бар. Қазіргі таңда тұтынушылар суды пайдаланып, қызығын көруде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында танымал мердігер жерлесіміз Бауыржан Сапкереев өзінің қаражатына аталмыш ауылдың екі көшесіне жарықшамдар орнатып берген.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале