7.09.2021, 16:23
Оқылды: 59

Ана тілі – ұлт бесігі

Тіл мерекесіне орай Теректі ауданына қарасты Богданов ауылдық клубының ұйымдастырумен онлайн шара өтті.55555

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,  құрметтеу – онлайн шараның ең басты мақсаты. Еліміздегі бірлік пен келісімнің арқасында тұратын басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тіліміз қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр, - дейді аталмыш клубтың басшысы В.Медетова.

«Ана тілі – ұлт бесігі» тақырыбындағы әдеби сазды компазициялық бағдарламада басқа ұлт өкілдері әуезді ән шырқады. Айталық, И.Жұмашева «Тойла, қазағым!», А.Чувилёва «Ризамын, туған халқыма!», әншілер тобы  В.Медетова, С.Сайфуллина, Л.Дергунова, Л.Мустивкалар «Арыс жағасында» сынды әндерді орындады. Сондай-ақ Э.Каминская Ысқақ Әкімнің «Ана тілі» өлеңін оқыды.

 

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале