10.06.2021, 11:24
Оқылды: 57

Ансамбльге әдістемелік көмек көрсетпек

Казталов аудандық мәдениет үйі жанындағы «Қос алқа» фольклорлық ансамбльге әдістемелік көмек беру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Қатимолла Бердіғалиев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов ауданға табан тіреді.

68A4EC85-250D-4299-8636-69C908FC0B8C

Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Галимов қонақтарға құрмет көрсетіп, алдағы апталық жұмыстарына сәттілік тіледі.

-«Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын жырлағандай, мен сіздерге сенемін. Бұл Сағит Садықов, Хадиша Бөкеева сынды таланттылар шыққан киелі сахна емес пе?! Сіздердің ынталарыңыз бар, әлбетте бұл дүниені толықтай меңгеру үшін күш-жігерімізді салу қажетпіз, - деді жерлесіміз Қатимолла аға. Бас дирижер Еркін Шаяхметұлы: «Қайырлы күн, әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Осы кездесуді ұйымдастырған Қатимолла ағамызға рақмет! Сіздердің жұмыстарыңызды байқадым. Бастысы бір-біріңізді естіп, дыбыстарыңыз бір жерге тоғысады екен. Әлеуетті мүмкіндіктеріңіз жоғары екенін түсіндім. Сізбен бірлесіп, көптеген жаңа дүниелер шығаруға болады.

884D9362-DABF-430A-A4CF-53799CC1169C

Алдағы уақытта "Үлгілі" деген атақты қорғайтын жоспарларыңыз бар екен. Бұл қадам сол үлкен жұмыстың бастамасы деп біліңіздер. Біздің мақсатымыз - әдістемелік көмек көрсету арқылы ансамбльдің репертуарын байыту, кәсіби тұрғыда жұмыс жасап, сахнаға алып шығатындай дәрежеге жеткізу, -деді.

Ендеше бір апталық әдістемелік көмектің нәтижесі - уақыттың еншісінде.

 Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале