Қаратөбе ауданы орталығының Ғ.Құрманғалиев көшесіндегі «Зап.Каз.ОМК Береке» ЖШС меншігіндегі жеке кәсіпкер Қадырбек Ислямовтың тамақтану орны ғимаратының апатық жағдайда болуына байланысты оның жұмысы ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап тоқтатылды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэльс Искаковтың айтуынша, аталмыш ғимаратты жалға алып, жұмыс жүргізіп келген кәсіпкерге апатты жағдайда тұрған ғимаратта жұмыс жүргізуге болмайтындығы ескертілген. Орал қаласындағы меншік иесіне тамақтану орнына пайдаланылып келген нысанның адам өміріне қауіп төндіретіндігі айтылып, оны жабу жөнінде қызметтік хат жолданған.
Меншік иесі Г.Насыпқалиева аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметтік хатына сай нысанды жабу жөнінде жауап берген.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысы бойынша, үстіміздегі жылдың 12 мамырынан бастап ғимарат жабылды.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz