Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың төрағалағымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық отырыста ауданымыздағы малды бірдейлендіру мәселесі мен Жаңақала колледжінің студенттермен қамтылу мәселесі қарастырды.
Сонымен қатар, аппараттық кеңеске ауданымызға іс-сапармен келген Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қ.Өмірәлиев қатысты. Кеңес барысында Қ.Өміралиев әлеуметтік нысандарды газдандыру және алдағы жылыту маусымына дайындығы жұмыстары туралы айтып өтіп, кейін аудандағы әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы жұмыстарымен танысты.
Аппараттық кеңес барысында аудан әкімі А.Жаңабайұлы аталған мәселелер бойынша дербес бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тиісті шаралар қабылдау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz