6.06.2017, 13:03
Оқылды: 92

Аралтөбе мәдениет үйінің шатыры желге ұшты

Аралтобе тобе   Күшті жел Сырым ауданы Аралтөбе ауылындағы екі қабатты мәдениет үйінің жалпы алаңы 250 шаршы метр шатырын жұлып әкетті.

   БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 3 маусым күні сағат 16.50-де осы ауданның Бұлан ауылында 24 шаршы метр шаруашылық құрылысы мен гараждың төбесі де сондай күйге ұшыраған.


   Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сәрсеновтің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Мәдениет үйінің төбесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Еске сала кетейік, өңірде желдің күшейетіні жөнінде БҚО ТЖ департаменті 29 мамырдан бастап бірнеше рет ескерту жариялаған болатын.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале