Орал қаласында тұратын кәсіпкер Нұрболат Рыскалиев сындарлы сәтте өзінің ауылдастарымен бірге екенін дәлелдеді.
Ол Сырым ауданы Аралтөбе ауылындағы көпбалалы, мүгедек, табысы аз 15 жанұяның әрқайсысына бір айлық азық - 25 келілік қапшықтағы ұн, қант, күріш, макарон өнімдерін, шай, өсімдік, томат пастасына дейін тегін таратты.
Нұрболаттың атын шығару үшін емес, жәрдем беру үшін жасаған жақсылығына аралтөбеліктер дән риза.
Рашид Байыров
Аралтөбе ауылы
zhaikpress.kz