2023 жылғы мерзімді баспасөз беттеріне жазылу жұмыстары Сырым ауданында қызу жүруде. Әсіресе, сырымдықтардың төл басылым – «Сырым елі» газетіне деген аңсар-ықыласы ерекше.
Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитовтың айтуынша, округ тұрғындары «Сырым елі – әр жанұяға!» ұранын қолдап отыр:
- Газет оқитын адам – білімді адам. Аудан айналсын аралтөбеліктің үйіне жеткізуге тырысудамыз. Халықтық іске шаруашылықтар да белсенді қатысуда. «Амир» ШҚ (жетекшісі - Ғалым Наурызбаев) - 10, «Санжар» ШҚ (жетекшісі Нұрболат Рысқалиев) - 10 , «Жайсаң» ШҚ (жетекшісі - Қайрат Ерғалиев) - 10 жанұяны газетке жаздырса, «Аңқаты» ШҚ (жетекшісі - Исламбек Узбеков) пен «Нұр» шаруашылығы (жетекшісі - Әбілнасыр Ерғалиев) бес- бес ауылдасына тегін басылым жеткізетін болды, - деген ақжолтай жаңалық айтты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz