27.12.2022, 15:01
Оқылды: 33

Аралтөбеліктер «Сырым елін» оқиды

2023 жылғы мерзімді баспасөз беттеріне жазылу жұмыстары Сырым ауданында қызу жүруде. Әсіресе, сырымдықтардың төл басылым – «Сырым елі» газетіне деген аңсар-ықыласы ерекше.

1

Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Әділхан Мұхитовтың айтуынша, округ тұрғындары «Сырым елі әр жанұяға!»  ұранын қолдап отыр:

- Газет оқитын адам – білімді адам. Аудан айналсын аралтөбеліктің үйіне жеткізуге тырысудамыз. Халықтық іске шаруашылықтар да белсенді қатысуда. «Амир» ШҚ (жетекшісі - Ғалым Наурызбаев) - 10, «Санжар» ШҚ (жетекшісі Нұрболат Рысқалиев) - 10 , «Жайсаң» ШҚ (жетекшісі - Қайрат Ерғалиев) - 10 жанұяны газетке жаздырса, «Аңқаты» ШҚ (жетекшісі - Исламбек Узбеков) пен «Нұр» шаруашылығы (жетекшісі - Әбілнасыр Ерғалиев) бес- бес ауылдасына тегін басылым жеткізетін болды, - деген ақжолтай жаңалық айтты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале