21.07.2021, 17:46
Оқылды: 15

Арда азамат еді

Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде кезінде Жәнібек ауданының экономикалық-әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан жерлесіміз, марқұм Айтқали Абдоловтың 80 жылдығына орай «Абырой биігіндегі арда азамат еді...» атты еске алу кеші өтті.

217952003_2380114675457867_4922678357900058043_n

Жиында туған өлкесіне адал еңбек етіп, өз қолтаңбасын қалдыра білген Айтқали Абдоловтың атқарған қызметтері мен жасаған ізгі амалдары сөз болды.

Аудан әкімінің уақытша қызметін атқарушы Жақсылық Кәримоллаұлы Айтқали Абдоловтың артында қалған ұрпағына, зайыбы Нәсіпханым апайға зор денсаулық, жұмыстарына сәттілік тілесе, кемеңгер тұлғаның еңбек жолы жайында сыр шерткен әріптестері мен замандастары Амангелді Уәлиев, Мертен Кенжеғалиев, Ерсайын Құбашев, Меркен Кенжеғалиевтер арда азаматтың еңбекқорлығын, біліктілігін, ұйымдастырушылық қасиетін естеріне алып, одан үлгі алуға шақырды.

Мәдениет үйінің қызметкерлері әсем ән шырқап, кештің көркін қыздырды. Кеш соңында зайыбы Нәсіпханым әже мен ұл-қыздары, немере-жиендері барша келушілерге алғыстарын білдіріп, аталарын мақтан тұтатындықтарын айтты.

Б.Серіков,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале