28.10.2021, 15:40
Оқылды: 82

Ардагер дойбышылар жарысты

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қайырымдылық айлығына орайластырылған дойбы жарысы өтті. Округ әкімдігі мен «Бәйтерек» спорт клубы бірлесе ұйымдастырған бәсекеге ауыл ақсақалдары қатысты.

IMG-20211028-WA0068

– Дені сау, озық ойлы ұлт қалыптастыру – басты мақсатымыз. Аталмыш бәсекені ардагерлер арасында ұйымдастырудағы басты ойымыз да жастарға аға буынды үлгі ету. Жастық шағын ел дамуына арнаған ардагерлердің өмірі – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Бабы мен бағы қатар шапқан спортшы жеңіске жетсін,– деді жарысты тамашалауға арнайы келген округ әкімі Ринат Ескендіров.

Жастық шағын еске алып, қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік алған ауыл үлкендері жарыс ұйымдастырушыларына ризашығын білдіріп, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Қорытындысында ерлер арасында Қ.Сүйінішқалиев үшінші, Қ.Шадияров екінші орын иеленсе, әлі де бабында екенін дәлелдей білген И.Сидағалиев жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар нәзік жандылар да шаршы тақтаға отырып, кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қ.Әубәкірова үшінші, Н.Харкина екінші, Н.Жұмағазиева бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жарыс жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Манарбек Кенжеғалиев,

«Бәйтерек» спорт клубының әдіскері,

Егіндібұлақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале