8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Қазталов аудандық кітапханасында "Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек" атты ардагер кітапханашылармен кездесу өтті.
Шара барысында облыстық кітапхана директорының орынбасары Сара Кенжебаева онлайн арқылы барлық кітапханашыларға мерекелік сәлем жолдады. Өз кезегінде Қазталов аудандық кітапхананың директоры Гүлдана Дәулетова да қатысушыларды шуақты мейраммен құттықтап, бірқатар ардагерге алғыс хат табыс етті.
Мерекелік кездесуге қатысқан ардагер кітапханашылар әдемі кеш ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
Әсем БОЛАТ,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz