18.02.2022, 10:40
Оқылды: 32

Ардагер механизаторға құрмет көрсетті

 Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиев пен бас маман Нұрсәуле Оразаева ауылда тұратын тыл ардагері Қайнош Жұмагелдіұлы Ғалиевтің шаңырағына арнайы барып, 95 жасқа келген ақсақалды құттықтап, арнайы дайындалған сыйлықтарын тарту етті. Бар өмірін еңбекке арнаған қарт механизаторды ауылдағы әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қайырлы Сұлтұмова да құттықтап, құрмет көрсетті.

FB_IMG_1645038635735

Ғалиев Қайнош 1927 жылы бұрынғы Приурал ауданының Рожков ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінен үш сыныптық білім алып, еңбекке ерте араласқан. 1947 жылы Н.Шавалиева мен отау құрып, 7 бала тәрбиелеп өсірген.

1946 жылы механизаторлық курсында оқыған. Содан 50 жыл бойы табан аудармастан туған колхозында механизатор болып еңбек етіті. 1987 жылы құрметті демалысқа шыққан. Бүгінде 13 немере мен 14 шөберенің қызығына бөленіп отырған ауылындағы сыйлы да ардақты ата.

Құрметке бөленген мерейтой иесі ауыл басшыларына шексіз ризашылығын білдіріп, өмірден түйгені мен көргені жайында айтып берді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале