21.01.2023, 0:30
Оқылды: 6

Ардагер шаруалар марапатталды

Теректі ауданы әкімдігінде мал шаруашылығымен шұғылданатын жандардың қатысуымен жиын өтті.

Шаруалар кеңесіне аудан әкімі Тілек Габдушев төрағалық етті. Аудан әкімінің орынбасарлары Ержан Досмақов, Дамир Ғұмаров, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, мекеме-кәсіпорын басшылары,  ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері төрағалары, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысқан шараға  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директоры Ербол Иденов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы өкілі Таир Қапанов,  «Ақсуат» ЖШС, «Агробизнес Қазақстан» ЖШС, «Eurazia Group Kazakhstan» диллер орталықтарының  өкілдері арнайы келді.

IMG-20230120-WA0022

Күн тәртібінде мал шаруашылығы саласында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап,  алдағы жоспар қаралды. Соның ішінде ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерін мақсатты игеру туралы сөз болды.

Алғаш болып сөз алған ауданның  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Мейірбек Сұлтанов ауылшаруашылығы саласында жасалған жұмыстарға тоқталды.

- Аудан бойынша мал шаруашылығының дамуы қалыпты. Биыл қыстаққа 62325 мал кірді.  Мал азығы бойынша 173,6 мың тонна шөп даярланып, жалпы қажеттіліктің 121 пайызын құрады. Соның ішінде 300 тонна пішен, 2600 тонна сүрлем және 900 тонна сабан дайындалды. 56 шаруашылық 73 бірлік техниканы 1 365 492 071 теңгеге сатып алды, - деді өз сөзінде.

Жайылымдық және  егістік жерлер жағдайы  жайлы айтқан ауданның жер қатынастары бөлімі басшысы Сағадат Жолдығалиев пайдаланылмай тұрған жерлерді де атап көрсетті.

Облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы директоры Ербол Асылбекұлы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының өкілі Таир Қайнарұлы, «Ақсуат» ЖШС, «Eurazia Group Kazakhstan» диллер орталықтарының  өкілдері шаруа-дихандарға арнайы  техникаларды алу жолдарын түсіндірді.

Батыс Қазақстан облысы «Қазақстан Фермерлері Одағы» филиалының төрағасы Серік Жарылғапов сөз алып,  ауылшаруашылығына сүбелі үлесін қосқан жандарды «Құрмет ардагері» медалімен марапаттады.

IMG-20230120-WA0030

Олардың қатарында Аңқаты мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытында мал дәрігері, аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған Сырлыбай Әбденов, «Тельман» ШҚ техник-механигі болған Қаламдар Исмақов, веттехник Ерғали Бекетов, инженер Петр Мироненко, «Шолан» ШҚ жетекшісі Ұлықпан Мұхамедияров, механизатор Зейнолла Әбдірахманов, «Мадиев С.А» ШҚ басшысы Салембай Мадиев, «Чапаев асыл тұқымды мал өсіру заводы» директоры болған Ерболат Нысанбаев, «Шарақап» ШҚ басшысы Абат Джанназаров және сауыншы, «Алтын алқа» иегері Күләш Қаратаева бар.

Одан бөлек Құрмет грамотасымен «Тлешжанов» қожалығының басшысы Шынтемір Тілешжанов, «Ақшал» ШҚ басшысы Мұрат Мұқашев, «Ганиев Г.Г.» ШҚ басшысы Ғаббас Ғаниев, «Сүйін ұрпағы» ШҚ басшысы Ертарғын Менешов, «Гайсар» ШҚ басшысы Қанапия Байгелов марапатталды.

 

Балнұр Қанаева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале