1.08.2023, 21:36
Оқылды: 15

Ардагер спортшыларға сәттілік

3-4 тамыз күндері Орал қаласында зейнет жасындағы ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының бұқаралық спортты дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру жөніндегі саясатын жүзеге асыру, зейнет жасындағы ардагерлерді спортпен айналысуға ынталандыру, ардагерлердің ынтымақтастығын нығайту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыстық спартакиада оздырылмақ.

WhatsApp Image 2023-08-01 at 15.24.37 (1)

Алда өтетін жарысқа ауданымыздан Рысмұхан Бекмұхан, Қожантай Мырзақұлов, Қайрат Мұратов, Шаһидолла Абуғали, Есенғали Бисекешов, Асқар Биляшев, Асқар Дәулетов, Жұмагелді Ақбасов, Қуаныш Имашев және Марат Есмағұлов сынды ардагерлеріміз бақтарын сынамақ. Аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев өз кезегінде облыстық спартакиадада сынға түскелі тұрған ардагерлерімізді аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қабылдап, жеңіс тілеп, жылы лебізімен шығарып салды. Ардагер спортшыларға сәттілік серік болсын дейміз!

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале