8.10.2021, 14:40
Оқылды: 78

Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы, Погадаев ауылының тұрғыны Иван Яковлевич Митичкин мерейлі 90 жасқа келді.

Өмірінің 53 жылын педагогикаға арнаған ақсақалға ауылдастары керемет кеш сыйлады.

CF750AE2-7FA9-4433-B0C8-D356048BC5A3

Иван Яковлевич еңбек еткен мектептің мәжіліс залында оздырылған шара барысында мерейтой иесі еңбек жолын еске алып, үздік оқушылары туралы сыр шертті. Ел болашағы жастар екенін әрдайым айтып жүретін кәнігі педагог Тәуелсіздіктің 30 жылдығында еліміз біраз белесті бағындырғанын да айтып, жас ұрпақты елін сүюге шақырды.

Ауылында ғана емес, аудан тіпті облыста үлкен беделге ие Иван Митичкинді туған күнімен құттықтауға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев мерейтой иесіне аудан әкімі Марат Тоқжановтың құттықтау хатын табыстап, дәстүрге сай иығына шапан жапты.

F6E4A874-47F4-4016-B9E8-EE95529CDAF6

Сондай-ақ БҚО Білім басқармасы Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин Құрметті педагогке сый-сияпат ұсынып, БҚО Білім басқармасы басшысының басшысы Айгүл Мыңбаеваның құттықтау хатын табыс етті.

Әлі күнге қоғамдық істен қол үзбеген Иван Яковлевичке бірқатар ел азаматтары мен шәкірттері де құрмет білдірді.

-Педагогтың басты арманы - ел мен шәкірттерінің құрметіне ие болу. Маған сый жасап, құрмет көрсеткен аудан ауыл басшылығына алғысым шексіз. Қазақ елінің әр мұғалімі ел қошеметіне бөленсін,-деді қарт ұстаз кеш соңында.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале