14.05.2018, 11:17
Оқылды: 55

Ардагер жұбайы алғысын арнады

Жеңіс туын желбіретіп, жер бетіне тыныштық орнатқан Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Шыңғырлау аудандық Ішкі істер органының жергілікті полиция қызметі аудан тұрғыны, Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер саласы ардагерінің жұбайы Қуанаева Хиуа Төлепбергенқызын құттықтады.

Бұл күні Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Ғабит Әбішев және «ІІБ-нің ардагерлері және ұлттық гвардия»  бастауыш ұйымының төрағасы М.Мәмбетов Хиуа Төлепбергенқызына БҚО Ішкі істер Департаменті ардагерлері Кеңесінің және «Ұлан» ардагерлер ұйымының төрағасы Жайлыбай Адаевтың атынан құттықтау конвертін және сый-сияпат табыс етті.

Ардагер жұбайы өмірден өткенімен бүгінгі ұрпақтың өзін ұмыт қалдырмайтын разылығымен жеткізген Хиуа Қуанаева ана қонақтарына зор алғысын білдірді.

 Қаршыға Елемесов

Фотоны түсірген М.Мамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале