Дәуір ақыны, әдебиетіміздің бірегей өкілі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығы Ақжайық өңірінде лайықты түрде атап өтілді.
Мерейтой кезінде өлкеміздің көптеген ақын-жазушылары, өнер адамдары, қыл қалам шеберлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мерекелік медальдармен марпатталды.
Осындай құрметке ақынның «Күміс қоңырау» атты еңбегіне келелі пікір білдірген және ұлы қаламгерге арнап «Қадыр ақын – қыран жыр» (әні Д. Қажымовтікі) атты өлең шығарған жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Закария Сисенғали ие болды.
Қолынан қаламы түспейтін ардагер журналисті лайықты марапатымен құттықтаймыз.
«Жаңарған өңір» газетінің редакция ұжымы