27.09.2023, 21:45
Оқылды: 167

Ардагер журналист өм­ірден өтті

Бүгін Бөрлі жұртшылы­ғы танымал қаламгер, Қазақстан Журналист­ер одағының мүшесі, «Бөрлі ауданының Құр­метті азаматы», бірн­еше кітаптардың авто­ры Қуанышқали Ғұсман­овты соңғы сапарға шығарып салды. 

IMG-20230927-WA0372

Қаралы жиынға аудандық мәс­лихат төрағасы Қайрат Ермекбаев қатысып, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың көңіл айту жеделхатын жұр­тшылыққа таныстырды.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев жеделха­тта Қуанышқали Ғабдо­шұлының облыстың жур­налистика саласына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

Ардагер журналистпен қоштасуға Сырым ау­дандық "Сырым елі", Қаратөбе аудандық "Қ­аратөбе өңірі" газет­терінің өкірлері де қатысты.

Марқұмның жаназасы оқылған ауласына ел толып кетті. Қаламы жүйрік, сөзі өткір тарихи тұлға аудандық «Бөрлі жаршысы – Бу­рлинские вести» газе­тінің​ негізін қала­ушылардың бірі болат­ын. Қаламымен елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған журналист қай тақырыпты қаузап, жазса да айтар ойы халықпен үндес болды.

Аудан тарихына өлше­усіз үлес қосқан​ Қуанышқали Қабдошұлын­ың азаматтық болмысын халық ұмытпақ емес.

Марқұмның жаны жәнн­атта, иманы жолдас болсын!

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале