Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, Зеленый ауылының тұрғыны Амангелді Мыңбаевты мерейлі 80 жасымен құттықтады.
Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен Амангелді Мыңбайұлы әлі күнге қоғамдық жұмыстан қол үзген емес. Ауылдың өркендеуіне үлес қосып, жастарды спортқа баулуға бастамашы болып жүр.
-Ауыл ақсақалы атанған шағыңызда да қоғамдық жұмыстан қол үзбей елге пайдасы тиер істердің басы-қасында жүресіз. Сіздің ауыл шаруашылығы саласында еткен еңбегіңізді ел-жұрт жақсы біледі. Спортта жеткен жетістігіңіз де бір төбе. Қандай қиындық болса да елмен бірге көрдіңіз. Еңбек жолыңыз, өміріңіз жастарға үлгі. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін,-деді сексен жасқа толған азаматқа лебізін білдірген аудан басшысы Марат Тоқжанов.
Ел ағасын мерейлі жасымен аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбек Хайруллин де құттықтап, құрмет білдірді.
-Жастай еңбекке араластым. Спортпен шұғылдандым. Қандай жұмыс жасасам да марапат үшін емес, елім үшін деп жасадым. Бейнеттің зейнетін көрдім деген де осы болар? Ел тұқасын ұстаған ардай азаматтар келіп, жылы лебізін білдіруде. Ел аман, жұрт тыныш, балаларымыз сау болсын,-деді көрсетілген құрметке разы боған еңбек ардагері Амангелді Мыңбаев.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz