Бүгін Жаңақала мектеп-гимназиясының ауласына мектеп ардагерлері мен аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері көшет отырғызды.
Рая Апахаева, Надежда Өтешқалиева бастаған бір топ ардагер ұстаздар болашақ ұрпаққа үлгі болу, оқушыларға әдемілікті көктемнің көрнекті өрнектерін сезіндіру, табиғатты аялауға шақыру мақсатында осындай челлендж ұйымдастырды.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығынан жасыл желектің маңыздылығын ежелден ерекше бағалағанын аңғаруға болады. Ата-бабамыз ұрпағына ағаш отырғызуды, күтіп баптауды үйретіп, көкті жұлуды тиғызған. «Істің басы – ниет» дейді. Шын ниетпен еңбектенсек тақыр жерді де гүлдендіруге болатыны сөзсіз.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz