Аудандық кітапхананың оқу залында Жаңақала ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына орай «Елу жылда ел жаңа» атты ардагерлермен кездесу кеші, сонымен қатар референдумды насихаттау өтті.
Алқалы жиынға аудан басшысының орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Сартай Қадырқұл, Жанкелді Абулхатин, Жетпіс Оңғаров, Құрмет Рысқалиев, Ғабдіғали Текебаев, Айтуған Шарафутдин, Асқар Мутянов, Тарих Әбілқасов, Фазылғали Сапар, Шайдулла Тілеубергенов, Шаһидолла Абуғалиев, Светлана Ерғалиева, Жансұлу Қожанова, Сара Қанатова, Злиха Қараш, Разия Төлегенова, Марфуға Ғабдушева, Қанатқали Нұрғалиев, Бекмұқан Рысмұқанов, Ермекқали Ермұқанов, Тыныштық Өтешқалиев, Күләш Укеева, Закария Сисенғали, Әлихан Досмұхамбетов қатысты. Ғ.Текебаев «Сатқали Сапаров ауданымыз қайта құрылғанда осы ауданның іргетасын қалаған адам. Сол кезеңде мені кадр қызметіне алған еді. Сол кісінің еңбегін елеп ауданымыздың бір мектебіне сол адамның есімін берсек деген ұсыныс айтқым келеді» деген ұсынысын білдірсе, С.Қадырқұл аудан қайта құрылғанда мен Сакко мектебінде мұғалім қызметін атқарғанын айтты. З.Қараш «Ауданымыз күннен-күнге гүлденіп келе жатыр. Үйімізге ыстық-суық су келіп тұр, табиғи газ келіп тұр, зейнетақымызды уақтылы үйімізге әкеліп береді. Елу жылда ауданымыз кеңейді, гүлденді. Аудандық «Жаңарған өңір» газетінен аудан спортшыларының жетістігін оқып қуанып отырамын. Білікті бапкер даярлап спорт кешенін ашқызған аудан басшысына рахметімді айтамын» деп ризашылығын білдірді.
Жиын соңында Ә.Декартұлы ҚР Президентінің жарлығына сәйкес конституциялық реформалар жобасы бойынша елде жалпыхалықтық референдум өткізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Ата Заңымызға қандай өзгерістер ұсынылып отырғаны жөнінде сөз қозғады.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz