Бүгін Шыңғырлау ауданына "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Берген Мақсот Қабышұлы келіп, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және ауылдық округ әкімдерімен кездесті.
Басқосуға аудан әкімі Мұрат Өміралиев төрағалық етіп, облыс орталығынан келген Мақсот Қабышұлына қош келдіңіз айтып, жиынды бастады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Самиев аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар статистикамен бөлісті. Одан кейін сөз алған Берген Мақсот ең алдымен ақсақал сөзінің мағынасына тоқталып, "ақсақал"," абыз" деген атқа сай болуға шақырды. Сонымен қатар ардагерлер ұйымының қоғам үшін қажеттілігін айтып, жан жақты қолдау көрсету қажеттігін айтты.
Ақтау ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ниязбеков округ әкімімен қоян қолтық бірлесіп жұмыстанатынын тілге тиек етіп, ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы ұсыныс-сұрақтарға жауап беріп, басқосуды қорытындылады.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz