7.12.2021, 17:00
Оқылды: 67

"Ардагерлерден тарту"

Таяуда Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық мәдениет үйінде ауыл ардагерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Ардагерлерден тарту" атты концерт өтті.

IMG-20211207-WA0043

Концертте ардагерлеріміз ән шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында округ әкімі Ернар Аққалиұлы ауыл жұртшылығының атынан рахмет айтып, ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта ардагерлердің концерттік бағдарламасы көршілес ауылдарда жалғасын таппақ.

IMG-20211207-WA0045

"Ауыл айнасы" ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале