18.12.2021, 12:20
Оқылды: 752

Ардагерлерге арналған тақта орнатылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Казталов аудандық ауруханасында медицина саласының ардагерлеріне арналған стенд орнатылды. Ескерткіш тақтада ауруханамызда сан жылдар бойы еңбек еткен медицина қызметкерлерінің суреттері ілініп, атқарған қызметі жазылған.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 12.51.57 (2)

Тақтаның ашылу салтанатына Казталов аудандық ауруханасының директоры м.у.а. Зинұр Сәткеш қатысып, ескерткіш тақтаның жас ұрпақ пен жас мамандар үшін маңызы зор екендігін атап өтіп, тарихымызды насихаттау керектігін тілге тиек етті. Тақтаның орнатылуына атсалысқан жан Жанна Жүсіпбекқызы аурухана ұжымын тақтамен таныстырып, ардагерлердің еңбек жолымен таныстырды.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 12.51.57

- Құрметті әріптестер! Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Міне, егемендігімізді алып, салиқалы саясаттың арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп көптеген қиындықтарды артқа тастап келе жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әр жылғы Жолдауында ел бірлігін тілге тиек етіп, Тәуелсіздігіміздің маңызы зор екендігін де атап өтті. Елбасының арқасында ел бірлігі жарасып отыр. Баршаңызды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Мейрам қарсаңында ардагерлердің есімін ұлықтап ескерткіш тақта орнатып отырмыз. Ардагерлерімізден ауруханамыздағы жас мамандар үлгі алып, халық алдында еңбектерін адал атқарады деп сенеміз, - деді ол өз сөзінде.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 12.51.57 (1)

Казталов аудандық ауруханасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале