Шыңғырлау ауданына қарасты Ардақ ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Бисембаевтың қатысуымен есептік кездесу өтті. Жиында алдымен ауылдық округ әкімі Мади Сатыбаодиев округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Баяндамасында ағымдағы жылы бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін тапқанын атап өтті. Атап айтқанда, Ардақ ауылында ветеринариялық пункттің құрылысы басталды. Округтегі ірі қара саны 4208 басқа жетіп, ауыл аумағына 160 түп терек пен 10 түп шырша отырғызылды. Сонымен қатар, шөп шабу науқаны 107,4 пайызға орындалған.

Есептік кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, тұрғындар тарапынан аудан орталығына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізу, ауылдағы электр жарығының қуатын арттыру сынды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті іс-шаралар жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Кездесуден кейін тұрғындарға жеке қабылдау жүргізілді.
Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы