Жуырда Ардақ ауылдық округінде спортсүйер қауым қатысқан шара өтті.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іс жүзіне асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді ұстанымды қалыптастыру, ауыл тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсат болып табылған жарыс қызықты сәттерімен есте қалды. Спорт күніне арналған веложорыққа жастар мен қатар орта жастағы тұрғындар да қызыға қатысты. Көпшіліктің ынтасын оятқан шараны ұйымдастырған округтің спорт әдіскері Берік Есболатов жорық соңында барлық қатысушыларға алғыс сезімін білдіріп, марапаттады. Осындай бұқараны қамтитын спорттық жарыстар көптеп қолға алынса, салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары көбейе түсері анық десті веложорыққа қатысушылар.
Н.Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz