Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев бір топ ардақты аналарды құттықтап шықты.
Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен округ әкімі Айдос Орынбайұлы алтын құрсақты аяулы жандар Жеміс Наурызова мен Маруся Бердалина сынды кейуаналардың шаңырағына барып, өздерінің мерекеалды ізгі тілектерін жеткізді. Қуаныштан жүздері жадыраған мейірбан жандар азаматтарға ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ ауыл әкімі Айдос Әмірғали ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Сәния Қабдекенқызы мен Қарлығаш Сәрсенғожиналарға да арнайы сыйлықтар мен аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады.
Тұрсынай Нағымова
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер