6.03.2020, 16:59
Оқылды: 138

Қаратөбе ауданы әкімі аналарға сый-құрмет көрсетті  

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев бір топ ардақты аналарды құттықтап шықты.

akim kuttyktau (4)
Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Жанат Асылханұлы мен округ әкімі Айдос Орынбайұлы алтын құрсақты аяулы жандар Жеміс Наурызова мен Маруся Бердалина сынды кейуаналардың шаңырағына барып, өздерінің мерекеалды ізгі тілектерін жеткізді. Қуаныштан жүздері жадыраған мейірбан жандар азаматтарға  ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді.

akim kuttyktau (7)

Сондай-ақ ауыл әкімі Айдос Әмірғали ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Сәния Қабдекенқызы мен Қарлығаш Сәрсенғожиналарға да арнайы сыйлықтар мен аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады.

 Тұрсынай Нағымова

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале