Бүгін Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі басшысы Рауан Сатыбалдиев ұстаз, ардагер журналист, біраз жыл Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінде бас редактор қызметін атқарған Нұрзия Сисенбаеваға құрмет көрсетті.
Бөлім басшысы Теректі ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік төсбелгіні Нұрзия Уалиуллақызына ұсынып, ауданымыздың ақпараттық саласында жемісті еңбек еткені үшін алғыс айтты.
Ардагер журналисті ақын, аудандық газеттің бүгінгі таңдағы редакторы Әділет Әлібекұлы да құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
- Журналистика және білім саласындағы еңбегімді елеп, осындай құрметке лайық көргендеріңіз үшін шынайы қуанып отырмын. Аталмыш марапатқа лайық көрген аудан әкімдігіне, Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжановаға шексіз алғысымды айтамын. Марапатқа ұмтылып көрмеппін. Тек өзімізге артылған сенімнің үдесінен шығуға тырыстық. Аудандық газет бәрімізді ортаға сыйлы етті. Осы газеттің сапалы шығуына, қарапайым тұрғындарға қолжетімді болуы үшін еңбектендік. Бүгінгі марапат сол еңбектің нәтижесі шығар. Теректіміздің тойы құтты болсын, - деді Нұрзия Сисенбаева.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz